Арыс қаласын 1 айда қалпына келтіреміз - Бердібек Сапарбаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласын 1 айда қалпына келтіреміз. Бұл туралы бүгін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Иә, шынымен ауыр жағдай орын алды. Өйткені, Арыс қаласында 7,2 мың тұрғын үй мен өзге де нысандар бар. 85 пайызға жуығы зақымданған, әсіресе терезелері, шатырлары мен есіктері. Өзім Шымкенттегі эвакуациялық пунктте болдым. Ол жерде тамаққа, дәрі-дәрмек пен тұрғылықты жерге қатысты ешқандай шағым болған емес", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сонымен қатар ол әкімдермен өткен кездесулер жайында да айтты.

"Өздеріңіз де білесіздер, әкіммен бірге кездесуге бардық. Олар Шымкенттен баспана, жер телімдерін сұрап, сол жерде қалғылары келетінін айтты. Біз түсіндірдік, одан кейін олар тарқады. Министрлер әлеуметтік нысандарды, мектептер мен балабақшаларды, ауруханаларды аралап көрді. Қазіргі уақытта қаланың 17 секторға бөлініп, онда 17 өңір жұмыс істеп жатқанын білесіздер. Президент бір айдың ішінде барлық тұрғын үйлерді қалпына келтіруді тапсырды. Шамамен 100 тұрғын үй қалпына келтірілді, 90 пайызы қоныстанды. Тұру мүмкін емес үйлердің тұрғындары мектептерге орналастырылған. Ол жерлерге де бардым. Тамақтануға, тұруға жер бар. Меніңше, бір айдың ішінде Арыста бәрі қалпына келеді", - деді Бердібек Сапарбаев.
null

Соңғы жаңалықтар