Арыс қаласы қалпына келіп, жаңара түсті

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласы жұмыла жүргізілген жүйелі де нәтижелі жұмыстардың арқасында қалпына келіп, жаңара түсті. Небәрі үш ай уақыт ішінде еліміздің әр облысынан келіп, жөндеу жұмыстарына атсалысқан секторлардың құрылысшылары үйлеріне қайтып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бүгінде арыстықтардың баспанасын қалпына келтіру жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаланы 17 секторға бөліп алған өзге облыстар өздеріне тиесілі аумақтағы тұрғын үйлер құрылысымен толыққанды айналысты.

Жарылыстан 8 мыңнан астам тұрғын үйдің 7634-і зақымданған болса, зерттеу-зерделеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін тұруға жарамсыз 474 үй қайта басынан салынуда. Қазіргі таңда 100 –ден астам үйдің құрылысы жалғасуда.

Қаладағы инфрақұрылымды реттеу барысында Арыс қаласының кәріз жүйелері толық жөндеуден өтіп, автоматтандырылды. Зақым келген Арыс көшелері де жаңарды. 16 көшенің аяқжол салу жұмыстары аяқталып, жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Қайырымдылық қордың қаражатына салынған үйлері толығымен қиратылған 100 отбасыға арналған 50 екі пәтерлі коттеджден тұратын жаңа шағын ауданныңүйлері аяқталу сатысында тұр.

Бүгінде ішкі әрлеу жұмыстары және үй жабдықтарын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы Арыс қаласындағы құрылыс алаңдарында бас аяғы 134 құрылыс компаниясы жұмыс істеп, 3,8 мыңнан астам жұмысшы және 200 –ден астам арнайы техника тартылды.

Арыста 68 әлеуметтік нысан орналасқан (білім беру, денсаулық сақтау және спорт мекемелері), олардың 64-і – күрделі жөндеуді және 4-еуі толықтай қалпына келтіруді талап етті.

Апаттан айтарлықтай зақым келген «Арыс-1» теміржол вокзалының ғимараты толық жөндеуден өтіп, алдына гүлзар мен саябақ салынды. Жарылыстан зардап шеккен 16 орта мектеп толығымен қалпына келтірілді. Күрделі жөндеуден өткен білім ұяларында акт залы мен спорт алаңдары жаңарып, робот құрастыру кабинеттері ашылды. Аталған мектептер заманауи құрал-жабдықтармен, пән кабинеттерімен және интерактивті тақтамен, оқушыларды еңбекке баулитын арнайы бөлмелермен жарақтандырылды.

Соңғы жаңалықтар