Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.80 EUR 429.27
RUB 5.78 CNY 54.89
Jańalyqtar

Арыс, біз біргеміз: ҚХА Арыс тұрғындарына азық-түлік жинап, қонатын орын дайындауда

2019 жылғы 24 маусым 23:30 1757
Бөлісіңіз:
Арыс, біз біргеміз: ҚХА Арыс тұрғындарына азық-түлік жинап, қонатын орын дайындауда

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Арыс, біз біргеміз» акциясы аясында Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері жарылыс болған Арыс қаласының тұрғындарына азық-түлік жинап, қонатын орын дайындауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі жағдай бәріміздің қабырғамызды қайыстырып отыр. Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері біріге отырып, штаб құрып, арнайы Арыс қаласынан көшірілген азаматтардың барлығына көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Арыс қаласына Корей мәдени орталығы түске дейін 1 газель толтырылған тағамдар мен су жіберсе, славян мәдени орталықтары 5 автобус пен 2 жүк көлігін жіберді. Штаб құрылғаннан кейін Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының мәдени орталықтарының барлығы көмекке жұмыла кірісті. Қазіргі уақытта ҚХА өкілдерінің жасақтауымен ашылған 15 орында халық қабылданып, жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мәдени орталықтар тиісті көмектердің бәрін көрсетуде», - деді ҚХА-ның Шымкент қаласындағы өкілі Мұратәлі Қалмұратов «Арыс, біз біргеміз» атты республикалық арналардан өткен телемарафонда.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.

Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері:

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі   161200

БСН (БИН)    100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК)   KZ7196528F0007014540

БСК (БИК)     IRTYKZKA

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT