«Арыс, біз біргеміз» акциясы: Кәсіпкерлер гуманитарлық көмек көрсетуде

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Арыс, біз біргеміз» акциясында еліміздің кәсіпкерлері Арыс қаласының тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуде. Бұл туралы «Арыс, біз біргеміз» телемарафоны барысында «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Олжас Ордабаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кәсіпкерлер де белсенді қатысып жатыр. Шымкент, Түркістан қаласының кәсіпкерлері алғашқы минуттардан көмек көрсетіп, халықпен бірге екенін көрсетті. Ал Шымкент қаласындағы «Интертич» емханасы жүгінушілерге тегін қызмет көрсетті», - деді ол.

«Атамекен» өкілінің айтуынша, кәсіпкерік сектор да қоғамның бір бөлшегі ретінде ел болып жұмылған бұл шарадан тыс қалмайды.

« Кәсіпкерлер секторы Арыстағы ағайынға көмек көрсетуде. Әсіресе шағын және орта бизнес өкілдері белсенділік танытып жатыр. Кәсіпкерлер де ел арасынан шыққанда мұндай жағдайға жұртпен бірге болуды парызы деп санайды. Осы сәтті пайдаланып барлық кәсіпкерлерді осы іске атсалысуға шақырамыз», - деді Ожас Ордабаев.

Еске сала кетсек, Арыстағы жарылыстан зардап шеккендерге көмек қолын созу мақсатында елімізде «Арыс, біз біргеміз» акциясы басталды. Акция аясында Мәдениет және спорт министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қызметкерлері бір күндік жалақысын аудармақ. Осы бастамаға депутаттар да қосылған.

Акция аясында Түркістан облысы Арыс қаласындағы оқиғадан зардап шеккендерге жәрдем беру үшін облыс әкімшілігінің жанынан ашылған «Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қорына хабарласуыңызға болады.

«Түркістан» корпоративтік әлеуметтік даму қоры реквизиттері

Түркістан облысы

Түркістан қаласы, Кызылорда тас жолы , 34 А ғимараты,

Пошта индексі 161200

БСН (БИН) 100440016000

«ForteBank» АҚ Түркістан қаласындағы филиалы

ЖСК (ИИК) KZ7196528F0007014540

БСК (БИК) IRTYKZKA

Соңғы жаңалықтар