Арыс балалары жаз бойы еліміздегі лагерьлерде демалады

None
None
АРЫС. ҚазАқпарат - Биыл арыстық 4010 бала жаз бойы еліміздегі лагерьлерде демалатын болды. 27 маусым мен 9 шілде аралығында барлығы 1395 бала өзге өңірлерге демалуға кеткен. Бұл туралы бүгін Арыс қаласында өткен брифингте қалалық білім бөлімінің басшысы Әбдіхан Мұсаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әбдіхан Мұсаевтың сөзінше, Павлодар облысына - 300, Ақмола облысына - 145, Жамбыл облысы - 223, Алматы - 150, Батыс Қазақстан облысына - 47, Шығыс Қазақстан облысына - 150, Нұр-Сұлтан қаласына - 200, «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына - 150 бала барып демалуда. Ал, Алматы қаласына 30 әскери қызметкердің балалары барып, тынығуда.

«Арыстық балаларды демалуға еліміздегі 13 облыс пен қала, екі ЖОО, республикалық екі сауықтыру орталықтарымен қатар, Қырғызстан мемлекеті де өздеріне шақырып отыр. Түркістан облысының аудандары 462 баланы жазғы сауықтырумен қамтуда. Қалған 1214 бала 18 шілде мен 1 тамыз аралығында демалыс орындарына жіберіледі»,- деді қалалық білім бөлімінің басшысы.

Айта кетейік, бүгінде Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша балалардың демалу мерзімі бір айға созылмақ. Шілде айының 10-18 күндері тағы да 1572 баланы жазғы лагерьге жіберу көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар