Арыс балалары демалу үшін Қызылорда облысына келді

None
None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Түркістан облысы Арыс қаласынан 150 бала Жаңақорған ауданындағы облыстық олимпиадалар мен қосымша білім беру орталығында тегін демалатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстық балаларды облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова, аудан әкімі Ғалым Әміреев қарсы алып, жүрекжарды тілегін жеткізді.

Балалар жаңа оқу жылы басталғанға дейін психологиялық тренинг, экскурсия, түрлі үйірмелерге қатысады. Жазғы демалысты көңілді өткізу үшін келген балалар да өз қуанышын жеткізді. Енді жас өрендер 20 күн бойы лагерьде демалады.


Айта кетейік, Арыс қаласындағы жағдайға қатысты Сыр өңірі түрлі деңгейде көмектер ұйымдастырып, бастамашыл топтарға бірікті. Қызылорда жұртшылығы онда жарылыс кезінде зиян келген тұрғын үйлерді жөндеуден өткізуге назар аударып отыр.

Арыс қаласында Қызылорда облысына тиесілі №6 аумақтағы 14 көшеде 254 жеке тұрғын үй, 5 әлеуметтік және 10 коммерциялық нысан орналасқан. Жөндеу жұмыстарына облыстан 20 құрылыс компаниясы жұмылдырылған. Мұнда барлығы 186 адам еңбек етіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар