Арыс арқылы өтетін халықаралық пойыздар тоқтап тұр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан-Арыс-Шымкент бағытындағы халықаралық пойыздар үшін әзірге жол ашылмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Халықаралық транзиттік пойыздар әлі де тоқтап тұр. Халықаралық бағыттағы транзиттік пойыздардың барлығы Түркістан-Арыс-Шымкент бағытында қозғалыс жанданған кезде ғана жолға шығады. Мұндай шешімді теміржол әкімшіліктері өздері қабылдап отыр», - дейді «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Сервис және клиенттермен жұмыс департементінің директоры Әлібек Сұлтанов.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы Диас Ахметшәріптің айтуынша, пойыз жолаушыларының ішінде ауыр жағдаймен дәрігердің көмегіне ешкім жүгінбеген.

Еске салсақ, Арыстағы төтенше жағдайға байланысты жолда қалған 11 мың жолаушы балама бағыттармен тасымалданды.

Бұған дейін Арыстағы жарылыстан үшінші адамның көз жұмғаны туралы хабарланған болатын.

Бүгін Парламент депутаттары Арыс тұрғындарымен кездесу үшін Түркістан облысына аттанды.

Төтенше жағдайдың қаупі әлі сейілмегендіктен, тұрғындарға қалаға оралуға болмайтындығы ескертілген.

Соңғы жаңалықтар