+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Аружан Саин: Қазақстандықтар тілемсек балаларға ақша беруді тоқтатуы керек

2019 жылғы 10 қазан 11:40
Бөлісіңіз:
Аружан Саин: Қазақстандықтар тілемсек балаларға ақша беруді тоқтатуы керек

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин қазақстандықтардан көшеде қайыр сұрайтын балаларға ақша бермеуді өтінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Орынсыз шығын: Аружан Саин 65 млн теңгеге конференция өткізуден бас тартты Аружан Саин жаңа қызметінде қандай жұмыстар атқарып үлгергенін айтты Көпбалалы аналар Аружан Саинмен кездесті

«Достар, көшедегі балалар немесе балалары бар ересек тілемсектер туралы көптеген хабарлама мен пікірлер аламын. Тілемсектікке зорлықпен тартудан балалардың құқығын қорғау бойынша сауал дайындап, кешенді шаралар қабылдау үшін фактілерді жинауға көмектесулеріңізді өтінемін. Балалар тіпті, мектепке де бармайды», - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасына.

Аружан Саин қайыр сұраған балалы ересектердің және балалардың өздерінің суреттерін оның қай жерде (көшеде, жол бойында, дәмхана, мейрамханада) түсірілгенін, мекен жайын және датасын көрсете отырып жіберуді өтінеді. Суреттерді +7 747 674 1554 нөміріне WhatsApp арқылы жіберуге болады.

«Полиция, қамқоршы орган тарапынан қандай шынайы шараларды қабылдауға болатындығын түсіну қажет. Ең бастысы, Зүлфия Байсақова сұхбатында айтқандай, әзірше бір ғана әдіспен күресуге болады: Барлық қазақстандықтар ақша бергенді тоқтатуы керек. Садақаның осы тетігі жұмыс істеуін қойған кезде бұл балалар да тілемсектікке тартылмайды. Сонымен қатар балаға көмектесу үшін баланы жібермеуге немесе ересектер баламен қайыр тілеп жүрген жерде қалуға тырысу қажет. Полицияны шақырып, күтіп, шағым жазу қажет. Тергеушінің және кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы қызметкерлерінің мәліметтерін алып, баланың тағдырын бақылауда ұстасаңыздар», - деді ол.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT