Аружан Саин балаларды митингке алып шықпауды сұрады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин ата-аналардан балаларды митингке алып шықпауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Орталық коммуникациялар қызметінде тілшілердің сұрағына жауап берген Аружан Саин Балалар құқығы жөніндегі бұрынғы уәкіл Сәуле Айтбаеваның сөзіне қатысты пікір білдірді. Айта кетерлігі, Сәуле Айтбаева ата-аналардың балаларын санкцияланбаған митингтерге алып шығуына қатысты нақты заңнамалық шара қабылдау мәселесін көтерген еді.
«Митингке қатысты айтарым - әуелі басқа елдерде мұндай мәселе қалай қаралатынын зерттеп алуым керек. Екі өтінішім бар: біріншісі ата-аналарға. Балаларды ондай акцияларға қатыстырмаңыздар. Айналып келгенде баламен «барахолкаға» барудың өзі қорқынышты. Себебі, адам көп. Ал көшеде не боларын бір құдай біледі. Ата-аналардан балаларды митингке алып шықпауды сұраймын», - деді Аружан Саин.
ҚР Балалар құқығы жөніндегі уәкілі сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне де өтінішін білдірді.
«Екінші өтінішім - полиция қызметкерлеріне. Егер ата-ананы баламен бірге ІІБ-ге апармай-ақ, айыппұлды пошта арқылы жібере алатын болсаңыздар, оларға тиіспей-ақ қойыңыздар. Егер ата-ана баламен келіп тұрса, айтарын айтсын. Ал егер ары қарай заң бұзылса, бұл шараларды сүйрелемей-ақ жүргізе аласыздар», - деді ол.
Еске сала кетсек, бұған дейін жергілікті атқарушы органдар мен аймақ басшыларына қаржылық саясаттты қайта қарау жөнінде үндеу тастап, имидждік шаралардың бәрін қысқартып, одан үнемделген қаражатты балаларға жұмсауды сұраған еді.
- Бәрі қажеттілікке байланысты – Архимед Мұхамбетов Қостанайда қазақ мектебін көбейту туралы
- Асхат Аймағамбетов білім саласындағы плагиатпен күресетін жүйе туралы айтты
- Білім министрі жаңа әліпбиде жазылған оқулықтар қашан шығарылатынын айтты
- Бектас Бекназаров Білім министріне: Реформалардың санын емес, сапасын арттыру керек
-
Оралда оқушылар апатты жағдайдағы мектепте білім алып жатыр
-
Алматыда балаларға шаңғымен сырғанауды тегін үйретеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам