+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Аружан Саин Алматы балалар үйінде сәбиді ұрып-соғып жатқан видеоға түсініктеме берді

2021 жылғы 15 қыркүйек 16:25
Бөлісіңіз:
Аружан Саин Алматы балалар үйінде сәбиді ұрып-соғып жатқан видеоға түсініктеме берді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин Алматыдағы балалар үйінің қызметкері тәрбиеленушіні ұрып-соғып жатқан видео мен суретке қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тұрғындарды жүк контейнерлерін сатамын деп алдап келген алаяқ қолға түсті Алмаз Шарман коронавирустың «Eta» штамы туралы айтты Алмаз Шарман коронавирустың ең агрессивті нұсқасын атады

Видео Алматыдағы «Жанұя» мамандандырылған кешенінде түсірілген.

«Кеше интернетте осы мекеме тәрбиеленушілерінің анық физикалық зорлық-зомбылық пен күтімсіздік белгілері бар суреттері мен видеолары таратылды. Алайда, балалардың маған ұсынылған видеоларында, оларда жарақаттың, ұрып-соғудың іздері көрінбейді. Балалар үйінің қазіргі директоры мемлекет атынан мекеме тәрбиеленушілерінің ресми қамқоршысы болып есептеледі. Бұл видео мен фотоларды кім, қашан және қандай жағдайда түсіргенін анықтау үшін ол Алматы Полиция департаментіне және прокуратураға жүгінуге міндетті. Мен осы видеоны түсірген қызметкерлердің неліктен полицияға уақытында жүгінбегенін, өз міндеттерін орындамай, балалардың құқықтарын қорғамағанын анықтадым», - деді Аружан Саин.

Алматы қаласының прокуратурасы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саиннің бастамасымен осы орталықта тексеріс жүргізді. Тексеріс барысында көптеген бұзушылықтар анықталды. Бұрынғы басшылық пен бірқатар қызметкерлерге қатысты бірнеше қылмыстық іс тіркелді.

Қала прокуратурасы мекеме қызметкерлерінің жалақысын негізсіз артық төлеу, тауарлық-материалдық құндылықтардың, оның ішінде демеушілік көмектің жетіспеушілігі, мекеме үй-жайларын ағымдағы жөндеу бойынша нақты орындалмаған жұмыстарға ақы төлеу фактілері анықталғанын хабарлады.

Тексеру материалдары бойынша 58 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқыру фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT