Аружан Сағындықова Таиландтағы турнирдің жартылай финалына шықты

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық, 18 жастағы Аружан Сағындықова Таиландта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингіде 1162-орында тұрған қазақстандық теннисші ширек финалда корт иесі Салактип Унмуангпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда таиландтық ойыншы басымдылық көрсетті - 6:1.

Есесіне содан кейін Аружан күш алып кетті - 6:2, 7:5.

Аружан Сағындықова финалға шығу үшін әлемнің 726-ыншы, осы жарыстың 2-ракеткасы, америкалық Даша Ивановамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Андрей Голубевтің жұптық сында Германиядағы жарыстың жартылай финалына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Ролан Гаррос турнирінде әйелдер арасында финалға шыққан теннисшілер анықталды.


Соңғы жаңалықтар