Аружан Сағындықова Таиландтағы турнирдің ширек финалына өтті

None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Аружан Сағындықова Таиландта өтіп жатқан ITF World Tennis Tour W15 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте 1162-орында тұрған 18 жастағы қазақстандық теннисші екі кездесуін сәтті өткізді.

Аружан алдымен рейтингте 1075-сатыдағы Гонконг өкілі Мэн Инг Мэгги Нгті 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.

Екінші айналымда таиландтық Камонван Йодпетчті 0:6, 6:4, 6:4 есебімен ұтты.

Аружан Сағындықованың ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде ТОП үштікке енгенін жазған едік.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің ширек финалына шықты.


Соңғы жаңалықтар