+7 (701) 759 90 19
USD 426.01 EUR 493.75
RUB 6.05 CNY 66.62
Jańalyqtar

Артық жүк тиеп жүрген көліктерге қатысты айыппұлдар тиімсіз болып тұр - Берік Камалиев

2021 жылғы 21 қыркүйек 17:56
Бөлісіңіз:
Артық жүк тиеп жүрген көліктерге қатысты айыппұлдар тиімсіз болып тұр - Берік Камалиев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жүкті шамадан тыс тиеп жүретін көліктерге қатысты айыппұл салу тиімсіз шешім болып тұр. Бұл туралы Мәжілісте заңнамалық актілерге көлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда тротуармен жүрген көлік жүргізуші жазаланды Оралда автокөлік қағып кеткен 5-сынып оқушысы көз жұмды Елордада жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан жүргізушілер жазаланды

Талқылау барысында жүкті шамадан тыс артық тиеп, жолды бұзатын көліктерді шектеу мәселесі туралы сұраық қойылды.

Өз кезегінде вице-министр Берік Камалиев автожолдарда шамадан артық жүкті көбіне қытайлық көліктер тиеп алатынын растады.

«Қытайлық жүк көліктері 40 тоннаға дейін инертті материалдарды тасымалдауға қауқарлы. Олар автожолға өте жоғары жүктеме түсіреді. Бізде көліктік бақылау инспекторлары бар, артық жүк тиегендерді тоқтатады. Алайда бұл жүк көлігін тізгіндеген жүргізушілер инспекторды елемей, ары қарай жүре беретін жағдайлар да кездесіп жатыр. Бұл көліктер қаланың ішіндегі жолдарды да бұзып жүргені белгілі. Сондықтан айыппұлдар секілді іс-шаралар тиімсіз екенін көрсетіп отыр», - деді вице-министр.

Сонымен қатар ол көліктік бақылаудағы сыбайлас жемқорлық жағдайлары да бар екенін айтты.

«Сондықтан әлемдік тәжірибе инспекторлардың болмауын ескеріп отыр. Инспекторлар жүргізушілермен байланыста болмауы керек» - деді Берік Камалиев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, жолдарда көлік құралдарының салмақ және көлем параметрлерін өлшейтін автоматтандырылған станцияларды орнату жоспарлануда. Заң жобасында өлшеу станцияларын орнату және олардың жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормалар көзделген.

Бұл ретте станциялар адамның қатысуынсыз «Сергек» қағидаты бойынша жұмыс істейтін болады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT