Артур Ластаев тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмысқа жатқызуды қолдайды

2023 жылғы 17 наурыз, 14:14
Артур Ластаев тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмысқа жатқызуды қолдайды

АСТАНА. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев тұрмыстық зорлық-зомбылықты қылмысқа жатқызуды қолдайтындығын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі сәтте, қандай жағдай болса да кеңсемізге мұндай әрекеттерді қылмысқа жатқызуға қатысты мәселені барынша тыңғылықты қарастыру қажеттігі айқын болып тұр. Әрине, біз оны тек қылмыстық жазаланатын әрекет қана емес, сонымен бірге өткеннің қателігі қайталанбайтындай болуын қолдаймыз. Яғни, бұл жария немесе жартылай жария айыптау болуы тиіс», - деді Артур Ластаев елордада БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюркпен кездескеннен кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның түсіндіруінше, 2017 жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы бапты қылмыс деп танымау туралы шешім қабылданды. Бұл Қылмыстық кодекстегі аталған баптың жеке айыптау ісіне қатысты болуына байланысты еді. Яғни, зардап шегуші зорлықшылдың кінәсін өзі дәлелдеуі тиіс болды.

«Сол уақытта бапты қылмыс деп танымау туралы және әкімшілік құқық бұзушылық құрамына қайтару туралы шешім қабылданды. Бұл құқықтық тәртіп органдары оқиға орнына келіп, зорлықшылдың заңға қайшы әрекетінің жолын кесуі үшін жасалды», - деді ол.


Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar