Артур Ластаев сайлау науқаны жайында: Бәсекелестік үшін жағдай жасалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Мәжіліс және мәслихат депутаттарын сайлауды ұйымдастыруға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әділетті саяси бәсекелестік үшін барлық жағдай жасалды. Менің ойымша, осыдан кейінгі нәтиже кандидаттарға, олардың әрекетіне, сондай-ақ кандидаттардың бастамасын қолдайтын азаматтардың ұстанымына байланысты», - деді А. Ластаев елордада БҰҰ Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссары Фолькер Тюркпен кездескеннен кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, Адам құқығы жөніндегі жоғары комиссар ҚР Президенті жариялаған әділетті Қазақстанды құру бағытындағы конституциялық реформаларға қатысты оң пікірін білдірді.

«Бұл реформалар адам құқығын, сонымен бірге демократиялық қоғамды одан әрі нығайтуға септігін тигізуі тиіс. Бұл бағыттағы қадамдар Парламент Мәжілісі депутаттарын сайлау қарсаңында айрықша маңызды», - деді А. Ластаев.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Қазақстанда «шетел агенттері» туралы заңды енгізу қарастырылмағынан айтты.


Соңғы жаңалықтар