Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы әлем кубогінде 4 медаль алды

None
None
АФИНЫ. ҚазАқпарат - Әртістік жүзуден Қазақстан құрамасы Грекияда әлем кубогінің суперфиналында 4 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметіне сәйкес, Афиныда өткен екікүндік байрақты бәсекеде Қазақстан құрамасы жалпы саны 1 күміс және 4 қола медаль алды.

Қазақстан әйелдер құрамасы еркін жаттығуда 81,5333 балл жинап, күміс жүлдеге ие болды.

Ал әйелдер арасында техникалық бағдарлама мен аралас командалардың еркін комбинация сайысында қос қола бұйырды.

Ерлер арасында жекелей сында қазақстандық Эдуард Ким 74.8478 балмен суперфиналдың қола жүлдесіне қол жеткізді.

Жұптық техникалық сында Эдуард Ким мен Жаклин Якимова өнері 78.2740 балға бағаланып, олар ел қоржынына төртінші қола жүлдені әкелді.

Айта кетерлігі, әртістік жүзуден әлем кубогінің суперфиналына 23 елден 137 спортшы қатысты.


Соңғы жаңалықтар