Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Алматыда науқас балаларды қолдауға арналған қайырымдылық концерті өтті

2019 жылғы 27 мамыр 04:36 766
Бөлісіңіз:
Алматыда науқас балаларды қолдауға арналған қайырымдылық концерті өтті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда «Өмірге сен» қоғамдық қорының бірінші қайырымдылық концерті өтті. Концерттен түскен барлық қаражатқа қор қамқорлығындағы балалардың тыныс алуын қолдауға арналған құралдар сатып алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Концертті «Өмірге сен» қоғамдық қорының қамқоршысы, актер, вайнер, сценарийші Мейіржан Төребаев пен қор құрылтайшысы Сәбила Шүгелова жүргізді.  Қайырымдылық шарасында  Бақытгүл Бисембаева, Жанна Орынбасарова, Луина,  MEZZO тобы, Кентал, Ділназ Шүгелова, НАМСОН корей ұлттық би ансамблі өнер көрсетті. Сонымен қатар «Өмірге сен» қайырымдылық қоры мақтау қағаздары мен алғыс хаттармен марапаттайтын  дәрігерлер мен демеушілер де шақырылған.

Барлық балаларға «тыныс алуға арналған қауіпсіздік жиынтығы» берілді. Дюшенн миопатиясы бар 4 балаға «Палтушев» жеке кәсіпкерлігі атынан арба сыйға тартылды. Ал Мейіржан Төребаев қол сағатын концерт хэдлайнері Артур Абаевқа сыйлады.

 

Автор Гүлзат Сахова

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қайырымдылық, Алматы,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT