Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

«Әдеби өлкетану» жобасымен қаламгерлер Батыс Қазақстан облысын аралап жүр

2019 жылғы 26 мамыр 11:31 1174
Бөлісіңіз:
«Әдеби өлкетану» жобасымен қаламгерлер Батыс Қазақстан облысын аралап жүр

ОРАЛ. ҚазАқпарат - "Әдеби өлкетану" жобасымен ақын-жазушылар Батыс Қазақстан облысын аралап жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жобаны "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстан Жазушылар одағы ҚР Президенті Әкімшілігімен бірлесіп қолға алған болатын.

Мұндағы мақсат - қаламгерлердің облыстардың рухани өмірімен тереңірек танысып, тың туындылар жазуына мүмкіндік беру.

Осыған орай мұның алдында Қазақстанның бірнеше облысында болған еді.

Бұл жолы аталмыш жоба аясында Батыс Қазақстанға Алматыдан жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, "The Qazaq Times" ақпараттық, қоғамдық-саяси порталының бас редакторы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің аға оқытушысы Қойшыбек Мүбәрак пен жас ақын, республикалық "Ақ желкен" журналы бас редакторының орынбасары Асылан Тілеген келді. Оларға Оралдан ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ғайсағали Сейтақ қосылды.

«Әдеби өлкетану» жобасымен қаламгерлер Батыс Қазақстан облысын аралап жүр 

Қаламгерлер алдымен Ақжайық ауданында болды. Чапаев ауылында тұратын шежіреші ақсақал Аманғали Қайсағалиевпен кездесіп, ел аузында жүрген әңгімелерді жазып алды. Жер-су аттарының да шығу тарихына құлақ түрді.

Бұдан кейін Орал қаласының көрнекті орындарымен танысты. Соның ішінде Қадыр орталығында болып, ақын рухына тағзым етті. Алматыдағы ақын-жазушылардың ішінде бай кітапхананың бірі болып танылған Қадыр Мырза Әлидің өмір бойына жинаған кітаптары мен ұстанған бұйымдарының сырына үңілді.

Сондай-ақ орыстың ұлы ақыны А.Пушкин мен Е.Пугачев мемориалдық музей-үйлері де ерекше әсер етті.

"Менің Ақ Жайық өңірінде алғаш рет болуым еді. Орал әдемі тарихи қала екен. Әсер керемет. Сапарымыз нәтижелі болады деп сенемін. Менің мистикама арқау болатын біраз тақырыптар таптым", деді Қойшыбек Мүбәрак.

«Әдеби өлкетану» жобасымен қаламгерлер Батыс Қазақстан облысын аралап жүр 

Осы облыстың Жаңақала ауданында туып-өскен ақын Асылан Тілеген әлі де көрмеген жер, кездеспеген адамдардың көп екендігін, сондықтан құнды деректер мен аңыз әңгімелерді барынша көбірек жинауды мақсат етіп отырғандығын жеткізді.

Шығармашылық топ сонымен қатар Қазталов, Бөкей ордасы және Қаратөбе аудандарында болмақ.


«Әдеби өлкетану» жобасымен қаламгерлер Батыс Қазақстан облысын аралап жүр 
«Әдеби өлкетану» жобасымен қаламгерлер Батыс Қазақстан облысын аралап жүр 
«Әдеби өлкетану» жобасымен қаламгерлер Батыс Қазақстан облысын аралап жүр 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT