Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Медколледж студенттерінің білімі төмен - Гүлмира Жангереева

2019 жылғы 24 мамыр 17:43 879
Бөлісіңіз:
Медколледж студенттерінің білімі төмен - Гүлмира Жангереева

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі медициналық колледждер студенттерінің білімі төмен. Бұл туралы бүгін «Ұлттық тәуелсіз емтихан алу орталығы»  РҚБ басқармасының төрайымы Гүлмира Жангереева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінгі күні Қазақстан аумағында 85 медициналық колледж бар. Оның 26-сы мемлекеттік, ал қалғандары жергілікті әкімдіктерге бағынатын жекеменшік колледждер. Біз Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен тек 27 медициналық колледжге бағалау жүргіздік. Себебі қалған колледждер Денсаулық сақтау министрлігіне бағынбайды. Айта кетерлігі, зерттеуге үш жекеменшік колледж қатысты», - деді ол бүгін Сенаттағы "Өңір" депутаттық тобының отырысында.

Оның дерегінше, зерттеуге қатысқан Маңғыстау медициналық колледжі студенттерінің тек 2,2 пайызы, Оңтүстік Қазақстан медицина колледжі студенттерінің 7,5 пайызы ғана  алған білімдерін дәлелдей алған.

«Ең жоғары нәтижені Қостанай медициналық колледжі көрсетті. Оның студенттерінің 98,8 пайызы өз білімдерін дәлелдей алды. Сонымен қатар Түркістан колледжінің 96 пайыз,  Шымкент жоғары медицина колледжінің 94,8 пайыз студенті білімді екендігін көрсетті. Мамандықтарға келер болсақ, генетикалық эпимедиология, мейірбике ісі мамандықтары бойынша оқушылардың дайындығы жоғары. Ал стамотология, ортопед сынды мамандықтарда білім деңгейі өте төмен», - деді Гүлмира Жангереева.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Білім,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT