Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.43 EUR 432.47
RUB 6.12 CNY 55.78
Jańalyqtar

Қызылордада жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

2019 жылғы 24 мамыр 17:37 957
Бөлісіңіз:
Қызылордада жол-көлік оқиғасынан мотоцикл жүргізушісі көз жұмды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы бойында «Лада Гранта» маркалы  автокөлік пен «Мотогуззи» мотоциклы соқтығысты. Алған жарақаты салдарынан  мотоцикл жүргізушісі ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биылғы жылдың 23 мамыр күні Қызылорда қаласында Н.Назарбаев даңғылы бойында «Лада Гранта» маркалы  автокөлік пен «Мотогуззи» мотоциклы соқтығысып, салдарынан мотоцикл жүргізушісі қалалық ауруханаға  жатқызылды. Алған жарақат салдарынан ол ауруханада қайтыс болды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы жағдайы көрсетілген.

«Қазіргі таңда тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісіне. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT