Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды

2019 жылғы 24 мамыр 09:38 1157
Бөлісіңіз:
Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды

АНТАЛИЯ. ҚазАқпарат - Түркияның Анталия қаласында 14-ші Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды. Биылғы фестивальдің тақырыбы - «Теңізде туған аңыздар», деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Фестиваль курорттық Лоре қаласындағы жағажайда өтіп жатыр. Мұнда 15 мүсінші 200-ге жуық туындыны көрсетеді. Құмды композициялар жасау үшін шамамен 10 мың тонна құм пайдаланылды.
Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды 

Түнгі уақытта құмды мүсіндерге жарық түсіру үшін арнайы жарықтандыру жүйесі қолданылды.

Келушілер фестиваль алаңынан аты аңызға айналған Атлантиданың, Шотландия аңызы Финфолктың, Солтүстік Еуропаның құбыжығы - кракеннің, Кореядан шыққан тасбақа-кемелері - кобуксонның, теңіз құбыжығы Левиафанның, Акваменнің, су перісінің, сиренаның, Посейдонның және басқа да аты аңызға айналған кейіпкерлердің құмнан жасалған мүсіндерін көре алады.
Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды 

Сонымен қатар, әлемнің жеті кереметінің құмды композициялары, атап айтқанда, Хеопс пирамидалары, Тәж-Махал және Галикарнас танымал кесенесінің мүсіндері фестивальға келушілердің назарын аударып жатыр.

Фестиваль режиссері Джем Карадждың айтуынша, 15 мүсінші үш апта ішінде 10 мың тонна құмнан 200-ге жуық композиция құраған.

Анталиядағы Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі әлемдегі құмды композициялардың алғашқы және бірегей ашық көрмесі.
Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды 
Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды 
Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды
Анталияда Халықаралық құмды мүсіндер фестивалі ашылды 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, Түркия,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT