Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

2019 жылғы 23 мамыр 10:21 978
Бөлісіңіз:
Данияр Елеусіновтің жекпе-жегі тікелей эфирде көрсетіледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Хабар» арнасы 25 мамырда АҚШ-та өтетін кәсіпқой боксшы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тікелей эфирден көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жекпе-жек Мэриленд штатының Оксон-Хилл қаласына өтеді. Елорда уақыты бойынша айқас уақыты 26 мамырдың таңертеңгі уақытына дөп келіп тұр.

Айта кетсек, Данияр Елеусінов (6-0, 3 КО) Головкин-Роллс жекпе-жегінің андеркартында шығуы керек еді.  Алайда кейін боксшының менеджері Зия Әлиев Елеусіновтің 8 маусымдағы Головкин-Роллс андеркардындағы жекпе-жегі белгісіз себептерге байланысты болмайтынын жеткізген. 

Кейін бұл мәселеге қатысты ҚР Кәсіпқой бокс федерациясының вице-президенті Виктор Демьяненко пікір білдіріп, Головкин мен Елеусінов арасында қандай да бір түсінбеушілік бар дегенге сенбейтінін айтқан болатын.

Осы жағдайға байланысты Данияр Елеусінов 25 мамырда өтетін жекпе-жегіне қарсылас іздеп жатқан еді. Республикалық бірқатар БАҚ көздерінің хабарлауынша, Елеусінов мексикалық Мигель Де Хесус Замудио Алонсо (43-12-1, 27 КО) қарсы айқасқа шығады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Бокс, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT