Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Футболдан Қазақстан кубогы: «Ордабасы» мен «Атырау» тең түсті

2019 жылғы 22 мамыр 20:16 840
Бөлісіңіз:
Футболдан Қазақстан кубогы: «Ордабасы» мен «Атырау» тең түсті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан кубогы жартылай финалының бірінші ойынының алғашқы кездесуі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жартылай финалдағы алғашқы кездесу Шымкент қаласында өткізілді. Жергілікті «Ордабасы» өз алаңында «Атырау» командасын қабылдады. Бүгінгі кездесуде есепті  «Ордабасы» командасы ашты. Кездесудің 17-минутында Абдулай Диакате өз командасын алға шығарды. Ал «Атырау» 68-минутта таразы басын теңестірді. Олардың қатарынан Эдуард Сергиенко қақпаны дәл көздеді. Ойын 1:1 есебімен тең аяқталды. Қарымта ойын 19 маусымда Атырауда өткізіледі.

Бүгінгі күнге дейін «Ордабасы» командасы 2011 жылы кубокқа қол жеткізіп, «Тобылды» 1:0 есебімен жеңіп кетті. 2007 жылы финалда сол «Тобылға» жол берсе, 2010 жылы жартылай финалға жолдама алды.

«Ордабасы» Қазақстан кубогында екі кездесу өткізді. Алдымен 1/8 финалда Көкшетаудың «Оқжетпесін» 1:0 есебімен жеңді. Ширек финалда «Таразбен» 1:1 есебімен тең түсіп, пенальти тебуде шымкенттік команданың жолы болды.

Ал «Атырау» 2009 жылы кубок иегері атанды. Сол жолы Қарағандының «Шахтерін» 1:0 есебімен жеңген болатын. Соңғы екі жылда финалға дейін жетті. Сондай-ақ, 2001, 2004 және 2005 жылдарда жартылай финалға шыға алды.

Биыл Қазақстан кубогында «Атырау» да сәтті ойнап келеді. Атыраулық клуб 1/8 финалда  Талдықорғанның «Жетісу» клубын 1:0 есебімен қапы қалдырды. Одан кейін ширек финалда Семейдің «Алтайымен» негізгі кезеңде 1:1 есебімен тең ойнап, пенальти тебуде атыраулық команда мергендік танытты.

Дәл қазір Қостанайда Қазақстан кубогы жартылай финалының тағы бір кездесуі өтіп жатыр. Бірінші кезеңнен кейін жергілікті «Тобыл» мен Қызылорданың «Қайсар» командалары тең түсіп жатыр. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT