Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің басшысы қызметінен босатылды

2019 жылғы 20 мамыр 23:45 1008
Бөлісіңіз:
Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің басшысы қызметінен босатылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Майнюра Мырзамадиева ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды. Бұл туралы ҚазАқпарат primeminister.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

«ҚР Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен Мырзамадиева Майнюра Саветқызы басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитетінің төрағасы қызметінен босатылды», - делінген ақпаратта.

Мырзамадиева бұған дейін ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде АҚШ-та, Ұлыбританияда жұмыс істеді. 2007-2016 жылдары Қазақстан Республикасының Нидерланды Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болды.

ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетін 2017 жылдың сәуір айынан басқарды.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT