Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

СҚО-да кәсіпкерлер 200-дей балаға демалыс лагерьлеріне жолдама алып берді

2019 жылғы 20 мамыр 22:32 643
Бөлісіңіз:
СҚО-да кәсіпкерлер 200-дей балаға демалыс лагерьлеріне жолдама алып берді

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - СҚО-да «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 191 бала ауылшаруашылығы құрылымдарының есебінен жазғы демалыс лагерьлерінде демалады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Бұл жайында СҚО әкімдігінің отырысында белгілі болды. Білім басқармасының  басшысы Гүлмира Кәрімованың мәліметінше, биыл өңірдің оқушылары 100%  (66 956 бала) жазғы демалыс лагерьлерімен қамтылмақ. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2%  артық.

«Тұрмысы төмен отбасылардың 10 мыңға жуық баласы бюджет есебінен демалады. Осы мақсатқа шамамен 70 млн теңге бөлінді. Қазір балаларды қарсы алуға 14 сауықтыру лагері дайын», - дейді Гүлмира Кәрімова.

Биыл сауықтыру лагерьлерінің құны аудан тұрғындары үшін 15 мың теңгеден басталса, петропавлдықтар үшін баланы екі апталық демалысқа жіберу 30 мың теңгеге дейін жетпек. Мамандардың айтуынша, бұл - көрші өңірлермен салыстырғанда анағұрлым арзан. Мәселен Қостанай облысында 33,6 мың теңге, Павлодар өңірінде 46 мың теңге болса, Ақмола облысында 66,5 мың теңгеге дейін жетеді екен.

Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауылшаруашылығы құрылымдары демеушілік көрсетіп, 16 млн 764 мың теңгеге демалыс лагерьлеріне 80 жолдама әперді. Жазғы демалыс - маусымның 10-ынан басталады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақерке Дәуренбекқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT