Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.98 EUR 430.63
RUB 6.11 CNY 55.83
Jańalyqtar

Қазақстандықтар балаларын қалай тәрбиелейді - зерттеу

2019 жылғы 13 мамыр 11:16 1015
Бөлісіңіз:
Қазақстандықтар балаларын қалай тәрбиелейді - зерттеу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры (ЮНИСЕФ) Қазақстанда балаларға зорлық-зомбылық оқиғаларын болдырмау мақсатында ата-аналар арасында әлеуметтік тәжірибе өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қорға сілтеме жасап.

Бастапқы кезде ата-аналар «баланы тәрбиелеу құралдарын» сатып алуға шақырылды. Акцияның промоутері болып театр актрисасы, әрі екі баланың анасы Анастасия Тарасова ойнаған еді. Ол көшеде өтіп бара жатқан адамдарға белбеу, тәпішке және өзге де «тәрбиелеу құралдарын» сатып алуды ұсынып көрді. Тіпті таңдау кезінде әртіс ол құралдардың «мынаны таңдасаңыз, балаңыз тілалғыш болады» дегендей «артықшылықтарын» айтып сендіруге тырысты.

«Арандата отырып, тексеретін» тәжірибе елімізде бұдан бұрын да жүргізіліпті. Нақтырақ айтқанда, 2016 жылғы тәжірибе Қазақстандағы ересектердің жартысынан көбі балаларды жазалау үшін күш қолданатынын көрсеткен. Алайда бұл жолғы әлеуметтік эксперимент кезінде көптеген ата-ана бала тәрбиесіне алаңдаушылық білдіретіндерін жеткізіп, жайлы тәрбиені қолдайтындарын айғақтады. «Мен бұл заттардың бәрін өртеп жіберуді ұсынамын» дейді тәжірибеге қатысушы адамның бірі.

«Белбеу мен ұрып-соғу баланың денесінде ғана емес, оның жан дүниесіне де кірбің мен үрей ұялатады. Бұл жағдайда сіз келешекте аурушаң әрі қорқақ баланы өсіретініңізді ескеріңіз», - деп Анастасия Тарасова соңынан ата-аналарды ақпараттандырды.

Бұл деректі балаларға қатысты зорлық-зомбылық салдарын көп жыл бойы зерттеген медициналық зерттеу нәтижерелері дәлелдейді.

«Өкінішке қарай, ересектердің көбі зорлық-зомбылықты тәртіпке салумен шатастырады. Балалармен қатал қарым-қатынас отбасыларда көп кездеседі. Біз бұл әлеуметтік экспериментті ата-аналарға балаларды жазаламай тәрбиелеу маңызды екенінн көрсету мақсатында өткіздік. Сондай-ақ, қоғамның осы ауқымды мәселеге назарын аудару арқылы балалық шақты сақтап қалғымыз келді», - деп түсіндірді ЮНИСЕФ-тің балалар құқықтарын қорғау жөніндегі бағдарламалардың үйлестірушісі Айсұлу Бекмұса.

Әлеуметтік эксперимент «Есті! Әңгімелес! Құшағыңа ал!» кампаниясының бір бөлігі. Науқан ЮНИСЕФ-тің, Адам құқықтары мен бала құқықтары жөніндегі Өкілеттіктің, Балаларға қатысты зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комитеттің бастамасымен іске асырылуда.

Сарапшылардың айтуынша, балаларға қатысты күш қолданудың кез келген түрі өсіп келе жатқан баланың миына зақым келтіреді. Зорлық-зомбылықтың салдары, жылдар өткен соң байқалып, ересек өмірде адамның физикалық, эмоционалдық және психикалық денсаулығына кері әсерін тигізеді.

Айта кетерлігі, Қазақстанда балаларға арналған екі ұлттық «111» және «150» жедел желісі бар. Олар балаларға қатысты зорлық-зомбылық жағдайларын тіркеп, инстанцияларға хабар беріп отырады.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам,
Бөлісіңіз:

Автор:

Аян Бекенұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT