Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Өзбекстандағы 5 ЖОО ШҚО университетімен серіктестік орнатпақ

2019 жылғы 3 ақпан 17:11 1133
Бөлісіңіз:
Өзбекстандағы 5 ЖОО ШҚО университетімен серіктестік орнатпақ

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Өзбекстанның жетекші университеттері металлургия және геология саласы бойынша Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетімен серіктестік орнатпақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі ел арасында білім беру саласындағы ынтымақтастықты  дамыту мақсатында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ Өзбекстанның 5 университетімен байланыс орнатуда. Аталмыш білім ордасының ректоры Жасұлан Шаймарданов Ташкентте Ақпараттық технологиялар университетінің, И.Кәрімов атындағы Ташкент Мемлекеттік техникалық университетінің, Ташкент Сәулет-құрылыс институтының, Ташкент Автомобиль-жол институтының, Самарқан Мемлекеттік университетінің басшыларымен кездесіп, бірнеше меморандумға қол қойып қайтқан.
Өзбекстандағы 5 ЖОО ШҚО университетімен серіктестік орнатпақ 

«Өзбекстандық әріптестеріміз металлургия және геология саласы бойынша тәжірибе алмасуға ниет танытып отыр. Ташкент Сәулет-құрылыс институты  біздегі кредиттік білім беру жүйесін өздеріне икемдеп көшірмекші. Ал Ташкент Автомобиль-жол институты көлік логистикасын құру бойынша бірлескен зерттеулер жүргізуге мүдделі» - дейді ШҚМТУ ректоры Жасұлан Шаймарданов.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Есімжан Нақтыбай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT