Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Алғаш рет Юпитердің жақыннан түсірілген суреті жарияланды

2016 жылғы 14 шілде 01:32 151
Бөлісіңіз:
Алғаш рет Юпитердің жақыннан түсірілген суреті жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Juno зонды алғашқы Юпитер орбитасының түрлі түсті суреттерін жіберді. NASA жария еткен фотоларда планетаның ірі төрт серігінің үшеуі - Ио, Еуропа мен Ганимед анық көрінеді.

Американың автоматты планетааралық стансасы 20 ай ішінде Юпитерді 37 рет айналып шығады. Оған 5 мың шақырымға шейін жақындайды.  Juno зондының міндеті  - Жерге осы планетаның құрылысы, атмосферасы және магнитосферасы туралы ақпараттар жинап жіберу.

Бес жылға созылған ғарыш сапары кезінде станса 2,8 млрд км қашықтықты ұшып өтті.  Қанықтылығы жоғары фотокамера Күн жүйесіндегі ең үлкен планетаны түсіруді 10 шілдеде бастады.

Алғашқы суреттің сапасы төмен. NASA-ның есептеуі бойынша Juno жерге сапалы суреттерді бірнеше аптадан соң жібере бастайды. 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Ғарыш,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT