Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

ІІ Елизавета патшайым Н.Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға берді (ФОТО)

2015 жылғы 4 қараша 19:31 148
Бөлісіңіз:
ІІ Елизавета патшайым Н.Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға берді (ФОТО)

ЛОНДОН-АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Патшайымы ІІ Елизаветамен кездесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Елбасы кездесу барысында Патшайымға Біріккен Корольдікке сапарының қорытындылары туралы әңгімелей отырып, екі жақтың арасында көптеген келісімдердің жасалғанын ризашылықпен атап өтті. Қазақстан Президенті еліміздің сыртқы саясатында британдық вектордың маңызы жоғары екенін, оған елдеріміздің арасындағы жоғары деңгейдегі байланыстар ғана емес, іскер топтардың, академиялық қоғамдастықтардың, сондай-ақ екі мемлекет ведомстволарының арасындағы мықты серіктестік байланыстар да айғақ болатынын айтты.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі уақытта жүргізіліп жатқан Қазақстан экономикасын жаңғырту жөніндегі реформаларға және осы үдерісте британдық капиталдың атқара алатын рөліне тоқталды.

ІІ Елизавета патшайым да өз сөзінде Нұрсұлтан Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға беріп, оның нәтижелері екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға және Қазақстан мен Біріккен Корольдік халықтарының өркендеуіне қызмет ететініне сенім білдірді. 


ІІ Елизавета патшайым Н.Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға берді (ФОТО) 


ІІ Елизавета патшайым Н.Назарбаевтың Лондонға ресми сапарының қорытындыларына жоғары баға берді (ФОТО) 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT