Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

30 томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы дайындалды

2014 жылғы 9 қыркүйек 09:13 264
Бөлісіңіз:
30 томдық ғылыми салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы дайындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мәдениет және спорт ми­нистрлігі Тілдерді дамыту және қо­ғамдық-саяси жұмыс комите­тінің тапсырысы негізінде Педа­гогикалық ғылымдар академия­сы 2012-2014 жылдары ғылым мен техниканың, экономика мен мәдениеттің барлық салала­рын қамтыған 30 томдық ғылы­ми салалық қазақша-орыс­ша, орысша-қазақша терми­но­ло­гия­лық сөздіктер топтамасын дайын­дады, деп хабарлады «Егемен Қазақстан» газеті бүгінгі санында.

Сөздіктерді дайындауға 52 ме­кемеде - жоғары оқу орындарында, ғылыми-зерттеу инсти­туттарында, академияларда, министр­ліктер мен Парламентте, са­ла­лық мекемелерде жұмыс іс­тей­­тін ғалымдар мен сала маман­­дары, жалпы 350-дей адам атсалысты.

Барлық сөздіктердің авторлық ұжым құрамында А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ғалымдары бірге еңбек етті.

Сөздіктер Терминком мәжі­ліс­терінде мұқият талқыланды.  Комиссияның 29 тамызда өткен мәжілісінде сөздіктерді халықтың талқысына түсіру, көптің сарабына салу жөнінде ұсыныс айтылып, ол ұсыныс министрлік тарапынан да қолдау тапты.

«Терминжасам ісі - бүкіл ха­лыққа ортақ іс. Термин жасау сала мамандары мен терминолог ғалымдардың ісі болғанымен, оған жалпы жұртшылықтың да араласқаны дұрыс. Себебі - тіл халықтікі, жалпы ортақ байлық. Сондықтан, сіздердің ұсыныс-пікірлеріңізді білу, әртүрлі нұс­қаларды қарастыру үшін осы сөздіктер Педагогикалық ғылымдар академиясының сайтына (www.apnk.kz ) ілінді.

Өз пікірлеріңізді 30 қыркүйекке дейін мына электрондық адреске жолдауларыңызды өтінеміз: apnkaz@mail.ru.

Жұмыс тиімді болу үшін ұсыныс-пікірді дәлме-дәл айтқан жөн. Электронды адреске жолданатын пікірде сөздіктің аты көрсетілуі, онан кейін - терминнің орысша берілуі - қазақша берілуі - ұсынатын нұсқаңыз - нақпа-нақ жазылуы жөн.

Сіздерді осы іргелі іске атсалысуға шақырамыз!», - делінген Педагогикалық ғылвымдар академиясының хабарламасында.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Мәдениет, БАҚ, Білім,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT