Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Ата заңымыз мемлекетіміздің қалыптасу стратегиясын айқындады - Ж.Әбдиев

2014 жылғы 28 тамыз 11:48 79
Бөлісіңіз:
Ата заңымыз мемлекетіміздің қалыптасу стратегиясын айқындады - Ж.Әбдиев

АСТАНА. ҚазАқпарат - Осыдан 19 жыл бұрын қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттің қалыптасу стратегиясын айқындап берді. Бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Ата заңы күніне арналған «Конституция - қоғам мен мемлекет дамуының стратегиялық негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі аппеляциялық сот алқасының төрағасы Жазбек Әбиев осылай деді.

«Конституция  біздің негізгі заңымыз. Ол біздің тәуелсіздігіміздің елең-алаңында мемлекетіміздің қызметінің қалыптасуының стратегиясы мен жолын ғана айқындап қоймай, оның одан ары дамуын да белгілеп берді», - деді ол.

Сонымен қатар сот алқасының төрағасы еліміздің негізгі заңының құқықтық ережелерін тұрақты түрде зерделеп отыру қажеттігін баса айтты.

«Біздің Парламент қабылдайтын барлық заңдар алдын ала Конституцияға сәйкестігіне қатысты эксперттік зерттеуден өтетіндігі сөзсіз. Дегенмен, негізгі заңның нормаларында көрініс тапқан құқықтық ереженің терең мәні, ғылыми әрі тәжірибелік әлеуеті тұрақты түрде зерделеп отыруды талап етеді»,- деді Ж.Әбдиев.

Айта кетейік, конференция жұмысына депутаттар, елорданың ғылыми және шығармашылық зиялы қауымы, сот жүйесінің, үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері қатысуда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қоғам, Конституция,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT