Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы химиялық қарумен күрескерлерге берілді

2013 жылғы 11 қазан 16:35 98
Бөлісіңіз:
Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы химиялық қарумен күрескерлерге берілді

АСТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйымға (ХҚТҰ) берілді. Бұл аталымдағы лауреат дәстүр бойынша Ослода жария етілді, деп хабарлады Утро.ру.

Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі үкіметаралық ұйым 1997 жылы Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі конвенцияны жүзеге асыру мақсатында құрылды. ХҚТҰ бақылауымен әлемдегі белгілі химиялық қарулардың 80 пайызға жуығы жойылды. Оған коyвенцияны ратификациялаған мемлекеттер автоматты түрде мүше болады.

Қазіргі кезде ХҚТҰ ұйымына 189 мемлекет қатысушы болып отыр, 2013 жылы 14 қазанда Сирия ресми түрде ұйымның 190-шы қатысушысы болады. Ресей-американ жоспарына сәйкес6 Сирияда химиялық қару өндірісі жабдықтары қараша айына дейін, ал барлық химиялық арсеналдар келесі жылдың бірінші жартысында жойылуы тиіс.

Биылғы жылы бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына үміткерлер саны рекордтық межеге жетті. Бұл марапатқа 50 қоғамдық ұйымды қоса алғанда, 259 үміткер тіркелді. 211 жылы мұндай үміткерлер саны 241 болған еді.

Дәстүр бойынша үміткерлердің аты-жөні құпия ұсталады (тізім алдағы 50 жыл бойы құпия сақталуы тиіс). Дегенмен, оған ұсынылғандар арасында АҚШ-тың экс-президенті Билл Клинтон, 14 жасар пәкістандық белсенді қыз Малала Юсуфзай, Ресей президенті Владимир Путин, ОББ-ның бұрынғы қызметкері Эдвард Сноуден болған. Олардың бірде-бірі сыйлыққа қол жеткізе алмады, өйткені өтінім беру мерзімі 1 ақпанда өтіп кетті.

Еске сала кетейік, 2012 жылы құрметті дилом, Альфред Нобель бейнеленген алтын медаль және ақшалай жүлде «Еуропаны соғыс құрлығынан бейбітшілік құрлығына айналдырудағы басты рөлі үшін» Еуроодаққа берілген болатын.

Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығы - әлемде бейбітшілік сақтауға елеулі үлес қосқаны үшін берілетін ең беделді халықаралық марапат. Бұл Швецияда емес, Норвегияда тағайындалатын бірден-бір Нобель сыйлығы.

Нобель сыйлығы 1901 жылдан бері Альфред Нобельдің жеке өзінің өсиеті бойынша бес аталымда: физикадағы, химиядағы, медицинадағы, әдебиеттегі жетістіктер және бейбітшілік ісіне қосқан үлесі үшін беріліп келе жатқан марапат. 1969 жылдан бастап экономика бойынша да наградалар беріле бастады. Биылғы жылы әр аталым бойынша берілетін Нобель сыйлығы 8 млн. швед кронын (1,2 млн. АҚШ доллары) құрады.

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT