Аршавинге бәстен ұтылған блогер Алматыдағы алаңда шашын алдыратын болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық блогер, журналист Петр Воликов бәстен ұтылып, шашынан айырылатын болды.

Еске сала кетсек, Андрей Аршавин  «Қайрат» клубына ауысқанда Петр Воликов ресейлік спортшы еліміздің премьер-лигасында қандай да бір нәтиже көрсете алатына сенімсіздік танытқан.  Журналист егер Аршавин «Қайрат» сапында 8 гол салса онда ол шашын тақырлап алдырып тастаймын» деп бәстескен болатын.

«Ақтөбемен» матч кезінде Андрей Аршавин біріншіліктегі 8-ші голын салды, бұдан кейін футболшы журналистке қарата видеосәлем жолдады. Онда спортшы бәстен ұтылған журналиске өзінің шаш алу қызметін ұсынды.

Аршавиннің мәлімдемесіне орай блогер шаш қиятын құралдарын қолына алып тұрып Алматыда кездесетін орынды белгіледі. «Мен өз сөзіме жауап беремін, әрі басымды (шашымды) да саған сеніп тапсырамын. Кездесуді 6 қазан бейсенбі күні Астана алаңында Әлия мен Мәншүк ескерткіштері алдында сағат 14:00-ге белгілеймін. Асыға күтемін», - деді Воликов.





Еске сала кетсек, Андрей Аршавин биыл наурыз айында «Қайратпен» келісімшарт жасасты. Шарт бір жыл мерзімге жасалған, алайда оны тағы бір маусымға ұзартылу да қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар