Аршалы ауданында көліктің рөліне ие бола алмаған жүргізуші ажал құшты

None
None
АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - "Екатеринбург-Алматы" тас жолының бойында "Фольксваген пассат" көлігінің жүргізушісі рөліге ие бола алмай "Скания" жүк көлігіне соқтығысып, мерт болды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Жол апаты "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 1345 шақырымында орын алған. Қарағанды қаласына бет алған "Фольксваген пассат" көлігінің 1978 жылғы жүргізушісі қарағандылық темір тұлпарының рөліне ие бола алмай жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Осы кезде қарсы бағытта "Скания" жүк көлігі келе жатқан болатын. Нәтижесінде екі көлік қатты соқтығысып, "Фольксваген пассат" жүргізушісі Қорғалжын аудандық ауруханасында жеткізілгенімен сонда тілге келместен көз жұмды.

Еске сала кетсек, құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша кешегі күні облыс аумағында осындай 6 жол көлік оқиғасы тіркелді. Оның екеуі қайғылы аяқталды.

Соңғы жаңалықтар