Аршалы ауданында елорданың азық-түлік белдеуін дамыту бойынша 4 жоба жүзеге асырылуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Аршалы ауданында Нұр-Сұлтан қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 2021 жылға 21,1 миллиард теңге сомасына 4 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде аудан әкімі Айдар Байманов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аудан әкімінің айтуынша, жыл басынан бері ауыл шаруашылығының өсімі 1,3 пайызға артты, өндірілген өнім көлемі 4 миллиардтан астам теңгені құрады.

«Ауыл шаруашылығында жалпы өнімінің нақты көлем индексі 75,3 пайызды құрады. Егістік жұмыстарын толық кешенді жүргізуде ауыл шаруашылық техникамен жабдықталуы маңызды орын алады. Ағымдағы жылы ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары жалпы сомасы 1,1 миллиард теңгеге 36 бірлік ауыл шаруашылық техникасын сатып алды», - деді Айдар Байманов.

Әкім атап өткендей, ауданда суармалы жерлердің ауданын кеңейту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

«Биылғы жылы ауданда суармалы жерлердің көлемі 28 пайызға, яғни 243 гектарға ұлғайтылды», - деп толықтырды аудан әкімі.

Сонымен бірге, мұнда етті мал шаруашылығын дамытуға ерекше назар аударылады. Өткен жылы жалпы саны 404 бас етті тұқым бағытындағы 3 ферма және 2 тауарлы сүт ферма құрылды. Ағымдағы жылы мал шаруашылығын дамыту бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау аясында 40 бас герефорд сиырлары және 33 бас симметал сиырлары сатып алынды.

«Астананың айналасындағы азық-түлік белдеуін дамыту шеңберінде 2021 жылға 21,1 миллиард теңге сомасына 4 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Осы жобалар аясында жылына 6 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасын қолданысқа берудің 2-ші кезегін жүзеге асыру, 100 бас ірі қара малға арналған бордақылау алаңын ашу жоспарланған. Сондай-ақ, сүт саласын одан әрі жедел дамыту мақсатында 150 басқа арналған сүт фермасы салынады. Аталған жобаларды іске асыру 130 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді», - деп түйіндеді аудан әкімі.


Соңғы жаңалықтар