Аршалы ауданында боранда адасып кеткен малшы табылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақмола облысының Аршалы ауданында жоғалып кеткен малшы табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«2020 жылдың 26 қаңтарында сағат 22.00-де Аршалы ауданының полиция бөлімінің кезекші бөліміне Ақжар ауылының ауданының тұрғындары хабарласып, 1982 жылғы азаматтың жоғалып кеткенін хабарлады. Аталған өтінім бойынша бүкіл жеке құрам іздестір жұмыстарына жұмылдырылып, қолға алынған шаралардың арқасында жоғалып кеткен адам 27 қаңтар күні сағат 12.00 кезінде табылды», - деп хабарлайды Ақмола облысының Аршалы ауданы полиция бөлімінің бастығы Қанат Ұрымбаев.

Оның сөзінше, малшыны іздестіру жұмысына полиция қызметкерлерімен, құтқарушылармен бірге жергілікті атқарушы органның қызметкерлері де тартылған. Табылған адамның денсаулық жағдайын тексеру үшін оны дәрігерлер қарап жатыр.


Соңғы жаңалықтар