Аршалы ауданында 1,5 млн АҚШ долларына пісте шығаратын кәсіпорын салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Аршалы ауданында салынып жатқан пісте шығаратын «Мартин Азия» ЖШС өндірістік базасының құрылысымен танысты, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

Айлық қуаты 50 тоннаға дейін өнім шығаратын жаңа кәсіпорын құрылысы Жібек Жолы ауылында қолға алынған. Ғимарат қазірдың өзінде 90 пайызға дайын. Келісімшартқа сәйкес алдағы желтоқсан айында жаңа қондырғы әкелініп орнатылмақ. Осыдан кейін кәсіпорын жұмысын бастайтын болады.

Жаңа кәсіпорын ресейлік «Мартин Груп» ААҚ филиалы болып табылады. Жоба құны 1,5 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұл қаражатты бас кәсіпорын бөліп отыр.

Дайын өнім еліміздің солтүстік өңірілерімен қатар, Ресейге экспортқа шығарылады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар