АрселорМиттал Теміртауды тексеріп жатқан халықаралық аудит жақында жұмысын аяқтайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ArcelorMittal-Теміртауды» тексеріп жатқан халықаралы аудит наурыз-мамыр аарлығында жұмысын аяқтайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің төрағасы – ҚР Бас мемлекеттік еңбек инспекторы Төлеген Оспанқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ қоғамдың кеңесінің отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына берген жауабында айтты.

«АрселорМитталда» соңғы қайғылы жағдайдан кейін тергеу жүргізілгенін білесіздер. Оқиға 100 пайыз өндіріспен байланысты болған. Кінәлілер анықталды. Бірақ тапсырма бойынша қазір ол жерде халықаралық аудит жұмыс істеп жатыр. Әуелі біз Бас прокуратураның тапсырмасы бойынша еңбек инспекторларымен бірге, басқа да бақылаушы органдармен бірге аталған кәсіпорынға кіріп, тексеру жүргіздік. Қазір ол тексеру тоқтатылды. Өйткені халықаралық аудит жұмысын бастап кетті», - деді ол.

Айтуынша, бұл халықаралық аудит шамамен мамыр айына қарай жұмысын қорытындылауы керек.

«Халықаралық аудит тек қана еңбек қауіпсіздігі бойынша емес, экология, өнеркәсіп қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар саласы сияқты бүкіл сектор бойынша жалпы аудит жүргізеді. Тіркелген қайғылы жайттардың себебіне қарасақ, қондырғылар ескіргені және жаңартылмағаны айтылған. Одан басқа да қыруар ұйымдастыру жұмыстары бар. Сондықтан аз ғана күту керек. Халықаралық аудит ақырғы шешімін шығарады», - деді ол.


Соңғы жаңалықтар