«АрселорМиттал Теміртаудағы» №2 домна пешінде өрт болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның №2 домна пешінде өрт болды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметінен.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның №2 домна пешінде өрт шықты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Апаттың салдары жойылып жатыр», - делінген хабарламада.

Компанияның ақпаратынша, 25 маусым күні сағат 02:15-те екінші домна пешін басқаратын бас пультінің үстінде орналасқан өртке қарсы дабыл жүйесінің іске қосылғаны туралы хабарлама келіп түскен. 15 минуттан кейін оқиға орнына «Өрт сөндіруші» АҚ-ның жасағы келіп жетті.

«Өрт сөндіруші қызметкерлер өрт шыққан орынға сағат 3-те, электр жабдықтарының тоқжүргізуші бөліктерінен кернеу шешілген соң ғана жіберілді. Өрт сағат 05:15-те сөндірілді», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бүлінген жабдықтар мен екінші домна пешін қалпына келтіру мерзімдері бағалануда. Өрттің шығу себептері анықталу үстінде. Қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жағдай бақылауға алынды. Комбинаттың қалған цехтары мен бөлімдері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті компанияның баспасөз қызметінен.

]Төтенше оқиғаға дейін № 2 домна пеші шойын шығарып отырған. Екі домна пеші жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар