«АрселорМиттал Теміртауда» тағы да апат болып, 1 адам көз жұмды

None
ТЕМІРТАУ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде апат болып, бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат компанияға сілтеме жасап.
«8 желтоқсанда «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық зауытының коксхимиялық өндірісінде адам өліміне әкелген апат болды. Апаттан 1982 жылы туған қызметкер көз жұмды. Арнайы комиссия құрылды. Оқиғаның себептері анықталуда», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 28 қарашада «АрселорМиттал Теміртаудың» өндіріс мекемесінде апат болды. Сонымен қатар 3 қарашада «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Ленин шахтасында апат болып, 5 кенші қаза тапты.

ТЖ фактісі бойынша бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Соңғы жаңалықтар