«АрселорМиттал Теміртау» жұмыскерлерінің жалақысы 100 пайызға төленді

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыскерлерінің жалақысы 100 пайыздық көлемде төленді, деп хабарлады Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

«17 ақпан күні «АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмыскерлеріне 2015 жылғы қаңтар айында жалақы бойынша барлық төлемдері 100 пайыздық көлемде өтелді», - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, компания әлемдік нарықта металл бағаларының төмендеуі және ресейлік рубльдің девальвациясына байланысты қиындықтар туралы ресми мәлімдеме жасаған болатын. Бас директор қаңтар айында шетелдік мамандардың есептелген жалақының 50 пайызын, ал жергілікті қызметкерлер 75 пайызын алатыны туралы бұйрыққа қол қойды. Жалақының қалған бөлігінің төленуі қаржы жағдайының жақсарғанынша кейінге қалдырылды.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның бұйрығына байланысты мемлекеттік еңбек инспекторы ҚР еңбек заңнамасындағы талаптарды бұзушылықты жою туралы ұйғарым енгізді. Бұдан басқа, компанияға 300 АЕК (594,6 мың теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынған.

9 ақпанда Қарағанды облысының әкімдігі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және кәсіподақтар өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен жұмысқа орналасуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы үшжақты меморандумға қол қойды. Меморандумға қол қою барысында облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 17 ақпанға дейін қаңтар айындағы жалақының толық төленетіні бойынша қол жеткізілген келісушілік туралы хабарлады.

Соңғы жаңалықтар