«АрселорМиттал Теміртау» компаниясына нақты талаптар қойылды - Брекешев

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «АрселорМиттал Теміртау» компаниясына экология саласында нақты талаптар қойылып отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Біздің мақсатымыз - «АрселорМиттал Теміртаудың» зиынды шығарындыларын 2025 жылға дейін 20 пайызға азайту. Осыған сәйкес бізге тапсыратын құжаттарында олар нақты іс-шараларды көрсетуі тиіс. Егер нақты шешімдерін ескермесе, экология саласындағы рұқсат құжаттарын бермейміз», - деді С. Брекешев Мәжілістегі Үкімет сағатынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Осы орайда ол алдағы сәрсенбіде Қарағанды облысының тұрғындарымен кездесетінін айтты.

«Сапар аясында Теміртауға барып, үлкен жиналыс өткізбекпіз. Онда «АрселорМиттал Теміртаудың» және экология мәселелері көтеріледі», - деді министр.
Еске салсақ, Мемлекет басшысы «АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнында апаттар жиілеп, қайталана беретін жағдайға жеткенін айтып, компанияға тексеру жүргізу керектігі туралы айтқан болатын. Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Экология, геология және табиғи рерсурстар министрлігінің тексерушілерін өз аумағына кіргізбей қойған.
Соңғы жаңалықтар