«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпкерлер құқығын бұзып отыр – депутат

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Асқар Сыдықов Jibek Joly телеарнасына берген сұхбатында кәсіпкерлер құқығының тиісті деңгейде қорғалмай отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы кәсіпкерлердің заңды құқығын бұзып отыр. Біз «Ақжол» партиясы, кәсіпкерлер партиясы ретінде жағдайды бақылап отырамыз. «АрселорМиттал Теміртау» секілді алпауыт компаниялардың жер қойнауын пайдалануды дамыту тұрғысында шағын және орта бизнес қатар дамуы тиіс», - деді Асқар Сыдықов сұхбат барысында.

Депутаттың айтуынша, аталған компания шағын және орта кәсіпті дамыту бойынша жасалған шарттарды біржақты тәртіппен әрі мерзімінен бұрын бұзады.

«Олардың ішкі бұйрығы бар. Соған сәйкес компания жасалған шарттарды мерзімінен бұрын бұзып, атқарылған жұмыстың көлемін 20%-ға дейін қысқартады. Шарт жасалған, кәсіпкерлер тарапынан барлық міндеттеме орындалды. Сонымен қатар көрсетілген қызметтер ақысын төлеу мерзімі 90-нан 120 күнге дейін кешіктіріліп отыр», - дейді халық қалаулысы.


Соңғы жаңалықтар