«АрселорМиттал Теміртау» цехында жұмысшы қаза тапты

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ металлургиялық комбинатының темір жолдары маңында жұмысшының денесі табылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Компанияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұмның денесі 3 қаңтар күні таңертеңгі 8 сағат шамасында табылған.

«1982 жылы туған домна цехы жұмысшысының денесі табылған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр» делінген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ баспасөз қызметі жолдаған хабарламада.

Болған жағдайға байланысты арнайы комиссия құрылды. 

Соңғы жаңалықтар