«АрселорМиттал Теміртау» артық қызметкерлерді жұмыстан шығарады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-да қызметкерлер саны көп, деп мәлімдеді компания бас директоры Парамжит Калон.

«Біз арнайы бағдарламаны іске қостық. Ол «Жұмыс күшін» стратегиялық жоспарлау деп аталады. Осы бағдарламаға сәйкес барлық жүйе үш санатқа бөлінді. Бірінші санат - бұл өндірістік үдеріске қатысты. Екінші санатқа барлық ілеспе қызметтер мен көрсетілетін қызметтер жатады. Үшінші санат - қызметкерлер», - деді П. Калон Теміртауда баспасөз конференциясында.

Оның пікірінше, «АрселорМиттал Теміртаудың» кадрлық жүйесі дұрыс құрылмаған.

«Егер құрылымды қарасақ, дұрыс ұйымдастырылмағанын байқауға болады, әлемдік құрылымға сәйкес бөлу мына үлгіде: 60 пайызы бірінші санат - өндірістік үдерістерге түседі, 30 пайыз - жабдықты өндеу және ұстау және 10 пайызы - қызметшілер, яғни қаржы, маркетинг қызметтері. Біздің комбинатта, бірінші санат 45-50%, екінші - 40% және 15-18% - басқа да қызметшілер», - деп түсіндірді компания басшысы.

Оның айтуынша, бағдарлама өндірістік секторды күшейтуге бағытталған. «Қазір көп адамды өндірістік бағытқа тартуды көздеп, персоналды айқындап жатырмыз. Адамдарды арнайы дайындаймыз. Өздеріңіз білесіздер, көп адам өзгерістерді онша ұнатпайды, деді ол. - Дайын емес адамдарды қайда орналастыратынымызды қараймыз немесе жастарға, дайын адамдарға ауыстырамыз. Қазір осы бағдарламаны жүргізудеміз».

Соңғы жаңалықтар