«АрселорМиттал Теміртау» АҚ жұмысшылардың жалақысын кемітпейтін болды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысы әкімдігі, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ және Кәсіподақ арасында жұмыскерлердің жалақысын сақтап қалу туралы үшжақты меморандумға қол қойылды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.

Аймақ басшысы Үкіметтің көмегінің бірлесіп өткізілген жұмыстың арқасында компанияны қолдау бойынша шаралар қолданылғанын атап өтті.

«Атқарушы органдар отандық тауар өндірушілерді электр энергиясы, тасымал тарифтеріне жеңілдік ұсыну, шикізат базасын жақсарту, қазақстандық үлесті көбейту арқылы қолдау көрсетеді», - деп нақтылады облыс әкімі.

Өз кезегінде «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіпорындардағы технологиялық процестердің қалыпты жұмыс істеуі үшін өндіріс параметрлерін анықтау, дайын өнімдерді сатуды ұйымдастыру, шығындарды азайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, ақшалай қаражаттарды үнемдеуді өзіне міндеттеді.

Өндіріс көлемінің төмендеуінен жұмыстан босатылатын қызметкерлер денсаулық жағдайы ескеріле отырып, қайта оқытылып, басқа жұмыс орындарына ауыстырылатыны қарастырылған.

Кәсіподақтардың міндеттеріне әлеуметтік-еңбек жанжалдарына жол бермеу, еңбек ұжымдарында кәсіпорын әкімшілігі және мемлекеттік органдармен өткізіліп отырған өндірістік процестерді тұрақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу кіреді.

Облыс әкімі сондай-ақ компания басшылығымен жалақының 25 пайыздық бөлігін төлеу бойынша келісімге келгенін хабарлады.

«Біз бірнеше келіссөздер өткіздік, компания мүмкіндіктерді қарастырды. Бүгін «АрселорМитталТеміртау» АҚ-ның жұмыскерлеріне 2015 жылдың 17 ақпанына дейін жалақыны толық жүзпайыздық көлемде төлеу бойынша шешім қабылданды», - деді Н.Әбдібеков. Қазіргі кезде Қарағанды облысында ірі өнеркәсіп кәсіпорындарымен 178 меморандумға қол қойылған.

Соңғы жаңалықтар