«АрселорМиттал Теміртау» АҚ балалар лагерінде жаппай улану фактісін жоққа шығаруда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «АрселорМиттал Теміртау» АҚ балалардың «Факел» сауықтыру лагерінде жаппай улану фактісін жоққа шығарып отыр.

Бұл туралы компанияның баспасөз қызметінен хабарлайды.

БАҚ-та жарық көрген «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қарамағындағы «Факел» балаларды сауықтыру лагерінде тамақтан улану оқиғасы туралы ақпарат бойынша компания келесіні хабарлап отыр: «30 шілде күні тәулік бойы «Факел» БСЛ-нің медициналық пунктіне өздерін нашар сезінген балалардан 30 шағым келіп түскен. Сол күні «Backup Service Resorts» фирмасының (лагерьде демалып жүрген балаларды тамақпен қамтамасыз етіп отырған мердігер ұйым) басшылығы тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілдерімен бірге лагерьдің асханасында тексеріс жүргізді.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының өкілінен келесі түсініктеме алынды: «Шұғыл шағымдар келіп түскен жоқ. Балалар тамақтан уланбаған. Дәрігерлердің асқазаны ауырған екі баланы ата-аналары алып кеткені туралы қорытындысы бар».

Санитарлық дәрігерлер лагерьдегі жұмысын жалғастырып жатыр, алынған сынамаларды талдау қорытындылары белгіленген мерзімде белгілі болады.

Лагерь өз жұмысын штаттық режімде жалғастырып келеді.

Естеріңізге сала кетейік, металлургтердің «Жақтау» кәсіподағында 30 шілде күні балалардың жаппай улануы туралы хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар