«АрселорМиттал» цехында жабын тақталар құлады

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Кеше «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның металлургия комбинатында жабын тақталары құлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шекемтастарды орнату ережелері бұзылғандықтан, ашық қоймада шекемтастардың басым көпшілігі орнынан жылжып, тиеу пункті қирады», - деді «АрселорМиттал Теміртау» баспасөз қызметінде.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ компаниясының ресми мәліметтеріне сәйкес, апат салдарынан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта комбинат қалыпты режимде жұмыс жасап жатыр.

Соңғы жаңалықтар