«АрселорМиттал» АҚ газ құбырынан шыққан өрт сөндірілді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал» АҚ аумағындағы газ құбырынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІД ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап.

«10 қараша күні сағат 19:53-де Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы «АрселорМиттал» АҚ аумағында газ құбырының өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт салдарынан оттегі цехынан өтетін 3 құбыр бұзылған, сондай-ақ конвертерлік цех қабырғасы бүлініп газ құбырыны жарылған. Сағат 22:21-де комбинат қызметкерлерінің газ құбырды жабуы арқылы өрт сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтау жұмысына 41 адам мен 10 арнайы техника жұмылдырылған. 3 адам  дәрігердің көмегіне жүгінді, бірақ олар емханаға жатқызылған жоқ. Оқиғаның мән-жайын комиссия тексеріп жатыр», - деді Нұрсұлтан Нұрахметов.

Соңғы жаңалықтар