Арнольд Шварценеггердің жүрегіне ота жасалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Калифорния штатының бұрынғы губернаторы әрі актер Арнольд Шварценеггер Лос-Анджелестегі ауруханалардың бірінде жүрегіне от жасатты. 

Бұл жайлы ВВС хабарлайды.

Өткен бейсенбіде 70 жастағы Шварценеггерге жүрек клапанын жабық түрде алмастыру (баллонды ангиопластика) бойынша ота жасалды. Аорта клапаны алғаш рет Шварценеггерге 1997 жылы қойылған болатын.

Актердың өкілі Даниэл Кетчелл ол клапанның өзі де мәңгіге орнатылмағанын айтып, ота сәтті өткенін мәлімдеді. Қазір Арнидің жағдайы тұрақты, ол Cedars-Sinai емдеу кешенінде жатыр.

Еске сала кетейік, Шварценеггер 2003-2011 жылдар аралығында Калифорния губернаторы болып Голливудқа оралған соң, Сильвестр Сталлоне, Брюс Уиллистермен бірге танымал блокбастерге түскен болатын.

2017 жылдың мамырында Арнольд қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан үлесі үшін Францияның ең жоғары наргадасымен - Құрметті легион орденімен марапатталды. 

Фото: tribwxin.files.wordpress.com

Соңғы жаңалықтар